24/06/2026  Сәрсенбі
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының
Балқаш қаласының мемлекеттік архиві
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Балқаш қаласының мемлекеттік архивінің архившілері В.Кушкенова мен К.Нуржигитова Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің м. а. 2022 жылғы 18 қарашадағы №329 бұйрығына сәйкес "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінді көшірмелер беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының Балқаш қаласының әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізді.
Семинарға қатысушылар архив қорларының жаңа тізімімен танысты. Архивші В.Кушкенова мемлекеттік қызметті алу үшін азаматтар жүгінген кезде туындайтын проблемалық мәселелерге тоқталды.
Осы бағыттағы жұмысты жақсарту үшін БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы және көрсетілетін қызметті алушылар өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары мен бұрыштарына жүгінген кезде электрондық форматта мемлекеттік қызмет көрсету саны мен сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды.

1 0 0 0