2026 жылдың 29 қаңтарыңда Балқаш қаласының мемлекеттік архивінде іс жүргізушілер мен архивке жауапты қызметкерлердің қатысуымен «Архивтік құжаттарды мемлекеттік сақтауға өткізу тәртібі» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарда істердің құндылығын сараптау, істердің ғылыми-техникалық өндеу, анықтамалық аппаратты жасау мәселелері талқыланып, практикалық сабақ өткізілді.
Қатысушылар пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға толықтай жауап алды.






