20/04/2026  Дүйсенбі
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының
Балқаш қаласының мемлекеттік архиві
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ала күніне орай мемлекеттік архивте №№ 4,7 қала мектеп оқушыларына «Ерлікке толы қала» атты тарихи сағаты өткізілді. Оқушылар архив материалдарының негізінде қала және Балқаш мыс балқыту зауытының алғашқы құрылыс кезеңі тарихымен танысты. Сабақ барысында көрсетілген құжаттық бейнефильм оқушыларға терең ой салды.

Алғашқы құрылысшылардың ерлігі мен батылдығы олардың жан қиярлық еңбектері мен бірлестіктері арқасында шөлейт жерден индустриялық қала тұрғызылып, бүгінде Қарағанды облысының мәдени орталықтары мен ірі кәсіпорындарының біріне айналды.

Сонымен қатар архив қоймаларына экскурсия, архивтік құжаттарды цифрландыру жұмыстары таныстырылып, оқушылар назарына «Достықпен туған қала» тарихи-құжаттық көрмесі ұсынылды.