26/05/2026  Сейсенбі
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының
Балқаш қаласының мемлекеттік архиві
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Балқаш қаласының мемлекеттік архивінде Отан қорғаушылар күніне орай қаланың Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларына «Ерлікке тағзым» атты ерлік сабақтары өткізілді. № 290 «Қарағанды облысы Балқаш қалалық әскери комиссариаты», № 225 «Балқаштықтар 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында» архивтік қорлар негізінде балқаштық жауынгерлердің майданға аттануы мен жеке өтініштері, хаттары, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың майданнан оралмай хабарсыз кеткені туралы хабарламалар және қала батырларымен толығырақ танысты. Оқушылардың назарына «Ұлы Жеңіс-мәңгілік ел жадында» тарихи-құжаттық көрмесі және «Соғыс жылдарындағы газеттер» көрмелері ұсынылды.