24/06/2026  Сәрсенбі
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының
Балқаш қаласының мемлекеттік архиві
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Саяси- қуғын сүргін құрбандарын еске алу күнінің қарсаңында мемлекеттік архивте Ә.Мусин атындағы Балқаш-гуманитарлық-колледж оқушыларына «Қасірет пен тағзым» тарихи сабақтары өткізілді. 

Архивтік материалдар негізінде саяси репрессия ұшыраған балқаштықтар –Каз КСР-нің еңбек сіңірген дәрігері, денсаулық сақтау ісінің үздігі, дәрігер М.Қазбекова, Балқаштың алғашқы құрылысшысы, байыту фабрикасының бас инженері Н.Варламов туралы баяндалған деректер оқушылардың қызығушылықтарын туғызды.
Тыңдаушылар назарына «Счастливая ты, Магрифа» атты деректі фильмі көрсетіліп, «Зұлмат жылдар халық жадында» тарихи-құжаттық көрмесі ұсынылды.