22/10/2026  Бейсенбі
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының
Балқаш қаласының мемлекеттік архиві
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2026 жылдың 17 қыркүйегінде Балқаш қаласының мемлекеттік архивінде колледждер мен мектептердегі архивке жауапты қызметкерлердің қатысуымен «Архивтік құжаттарды өндеу және мемлекеттік сақтауға өткізу тәртібі» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарда істердің құндылығын сараптау, істердің ғылыми-техникалық өндеу, тізімдемелерді және оларға тарихи анықтама жасау мәселелері талқыланып, практикалық сабақ өткізілді. Сондай-ақ семинар қатысушылары өздерін қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауап алды, пікір алмасты.