2026 жылдың 21 қыркүйегінде «Архив және болашақ ұрпақ» республикалық жобасына аясында мемлекеттік архивте Ашық есік күні өткізілді.
Іс-шара мақсаты: архив құжаттарын насихаттай отырып өскелең ұрпаққа еңбектің адам өміріндегі негізгі құндылық екенін түсіндіру, адал еңбекке деген құштарлықтарын дамыту Отанын сүйетін, саналы, білімді бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.
Іс-шараларға қорқұрушы 1941-1945-жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген Құрметті металлургі А.Омаркуловтың балалары: М.Омаркулов, Д.Омаркулова, немересі Д.Омаркулов, «Қазақмыс» корпорациясының Балқаш өңірі бойынша ардагерлер одағының төрайымы Б.Уалиева, политехникалық колледжінің 4-курс студенттері, БАҚ өкілдері, қалалық «Orken-Media» телеарнасы қатысты.
Іс-шаралар бағдарламасы бойынша:
1) 1941-1945-жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген Құрметті металлургі А.Омаркуловтың жеке архив қорының тұсаукесері ұйымдастырылды;
2) «Есімі қала тарихында.Имя в истории города» тарихи-құжаттық көрмесі ашылды;
3) ЖББ №4, 5 орта мектеп оқушыларының қатысуымен «Еңбек ер атандырады.Трудом славен человек» тарихи сағаты өткізілді (Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСРО-ның еңбегі сіңген құрылысшысы- М.Ф.Касаеваның 110 жылдығы;Социалистік Еңбек Ері, металлург-А.Г.Самоновтың 95 жылдығына орай);
4) Архив қызметіндегі цифрландыру және қор қоймаларына 5 экскурсия ұйымдастырылды.
Ашық есік күніне барлығы 56 адам қатысты.



